31.10.2022, 12:01
Оқылды: 102

Дәрігер асқазандағы қыжылды ас содасымен басу денсаулыққа зиян екенін айтты

Дәрігер асқазандағы қыжылды ас содасымен басу сынды халық емі денсаулыққа зиян екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

436d126d577c4940b13d056a9fd05d42

Дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов Газета.RU-ға берген сұқбатында ас содасы асқазан жарасына және бүйрекке тас жиналуына әкеліп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Асқазаннан өңешке қышқылдың үнемі көтерілуі оның шырышты қабығын зақымдап, қабындырады. Аз уақыт ішінде бұл жара, қан кету, тыртықтардың орын алуына әкеліп соғады, ал ары кеткенде өңештің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Бұл ауруды емдеудің өз жолы бар. Бірақ ас содасы қауқарсыз, оның әсері өте қысқа уақытқа арналған: тіпті сағат емес, минуттар ғана, - деді дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов.

Сондай-ақ, сарапшы ас содасын үнемі тұтыну денеде газдың пайда болуын жоғарылататынын атап өтті. Бұл өнім асқазанды іштен құрта бастайды, өйткені сода тұз қышқылы бөлінісін күшейтеді.

 Ас содасы асқазанның тесілуіне себеп болған жағдайлар да бар.
Егер асқазаныңыз қыжылдағанда үнемі ас содасын тұтынсаңыз, онда қан сілтіленеді. Бұл жансақтау бөліміне түсетіндей жағдай емес, бірақ зәр сілтіленіп, бүйректе фосфат тастары пайда болады, мұндайда оларды еріту мүмкін емес, оны тек ота арқылы алып тастауға тура келеді, - деді дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов.

Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы ем-дом рецептісімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын қандай да бір маманнан кеңес алу керектігін еске саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале