15.10.2021, 11:37
Оқылды: 42

Дәрігер ауа температурасы қандай болғанда бас киім кию керегін айтты

Салқын кезде бас киімсіз көшеде жүру ыңғайсыз ғана емес, бұл шаш пен қан тамырларына зиян келтіреді. Бас киімді қандай температурада кию керек деген сұраққа Ольга Кохас Sputnik радиосындағы сұхбатында жауап берді. Адамдар күзде бас киім кимейді. Дәрігер бұл дұрыс емес екенін, өйткені бас тамырларының спазмы төмен "минус" кезінде де пайда болу мүмкін екенін айтты.

photo_88238

"Сырттағы температураға қарау керек. Егер минус үш градус болса, желмен минус он градус сияқты сезіледі. Бас терісіне бұлай салқын тигізуге болмайды. Бұл спазм мәселесін туындатуы мүмкін", - дейді трихолог.

Ал ол әдетте шаш түсуіне әкеледі.

"Адамдардың суыққа төзімділігі кейде таңғалдырады. Бірақ әдемі болғысы келсе, оның салдары шаш түсу екенін ұмытпауы керек. Егер сіз бұған уақытында мән бермесеңіз, шаш жетіспейтін жерлерді бас киім не парикпен жасыруға тура келеді. Таңдау жасау керек", - деп ескертті.

Дәрігер шашы мен қан тамырларының сау болуын қалайтын адам үшін бас киім міндетті аксессуарға айналатын ауа температурасын айтты.

"Ауа температурасы минус жеті градустан төмен болғанда, бас киім кию қажет", - деп қорытындылады Кохас.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале