18.10.2023, 9:45
Оқылды: 3

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтініп қабылдау әлі де  жалғасып жатыр.

9cc6d393-618b-4617-84bb-06c65222cda5

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шараның лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен ҚР 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар арнайы дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале