Орал қаласының №2 сотына талапкер Ш.-ның жауапкер ШҚ-тан кепілдегі мүлікті қарыз сомасына өндіріп беру туралы талабы келіп түсті. Талап бойынша несиені қайтармау салдарынан жауапкерден 145 294 139 теңге жалпы қарыз сомасымен жер учаскесімен дүкен түріндегі кепілдегі мүлікті қарыз сомасына өндіріп беруді талап етті.
Фото дереккөзі: tengrinews.kz
Сот алдындағы отырыста тараптар медиациялық келісімге келіп, келісімге сәйкес жауапкер жасалған кестеге сәйкес қарызын өтеуге және жеке мүліктерімен, мүліктік құқықтарымен басқа да құндылықтарды талапкердің алдын ала келісімінсіз иеліктен шығармауға міндеттелді.
Сот ұйғарымына сәйкес талапкерге 4 358 824 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы қайтарылып берілді.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Райгүл Иманғалиева,
Орал қаласының №2 сотының
бас маманы