11.08.2023, 16:45
Оқылды: 102

Дәулеткерей сұлтан тұсында...

Біле жүріңіз!

Атақты күйші Дәулеткерейді барша жұрт біледі десек те, оның қоғамдық қызметтері көпшілікке таныс емес. Айталық, күйші Дәулеткерейдің 1851-1861 жылдары Ноғай және Қалмақ руларының басқарушысы ретінде атқарған еңбегі өте зор.

a19cd438-de79-4155-94af-c47c60b3a547

Фото: e-history.kz

Бұл кезде ноғай-қалмақ бөлігі патшалық ресей үшін аса тұрақсыз, аса қатерлі, өзара қырқысқан патша өкіметі үшін саяси сенімсіз өңір болатын. Дәулеткерейдің басқарушы болып тағайындалуы өңірдегі саяси тұрақсыздықты қалпына келтірумен басталды десек те болады. Әсіресе, жайылым жерлердің реттелуі, көші-қоң қоныстарды жүйеге түсіру, алым-салықты белгілеу, өзара рулық жанжалды анықтау секілді қордаланған мәселелерді шешу жолында талапты бастамаларды көтере білді. Әсіресе, ресейлік кеңесшілер Ващенко және Гернмен өзара сыйластық қатынастар орната отырып, жергілікті күрделенген мәселелерді шеше алуы Дәулеткерейдің ел басқарудағы талапты басшы және тұлғалық қайраткерлігін көрсеткендей. Дәулеткерей тұсында Ноғай және Қалмақ бөліктерінде жайылым, көші-қоң, алым-салық секілді күрделі мәселелер шешіліп отырды. Дәулеткерейдің ел басқарудағы ұстанымы халықтық басқаруды қолдау еді. Алайда, ноғай-қалмақ арасындағы Дәулеткерей ұстанған тұрақтылық патша өкіметі үшін тиімсіз еді. Сондықтан 1862 жылы Ресей билігі күйші Дәулеткерейді ноғай-қалмақ бөліктерін басқарудан алып, оны масқар-қызылқұрт руларының старшыны қызметіне төмендетеді. Бұл тұста патша билігі қазақ сұлтандарына да сенімсіздік танытып, қазақ басқаруын тікелей өз билігіне алып жатқан кезі еді.

Зулхожа

Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале