5.09.2024, 9:00
Оқылды: 85

Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарында чемпион атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

3D04FBF8-D710-4B18-8395-C586DE46360E

Сурет: Туризм және спорт министрлігінен

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі.

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале