Әлемдік қауымдастық COVID пандемиясын 2022 жылға қарай тоқтатуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Гебрейесус «Известия» газетінде шыққан мақаласында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барлық елдердің бірлесіп жұмыс істеп, 2022 жылдың ортасына қарай жаһандық мақсат – әлем тұрғындарының 70 пайызының вакцина алуына қол жеткізуі қажет. Үкімет денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында мақсатты шараларды жалғастыруы маңызды. Олардың арасында тест өткізу, вирус штамдары мен ДНҚ-сын зерттеу туралы ақпаратты еш жасқанбастан ұсыну бар», - деп атап өтті мақалада ДДСҰ Бас директоры. Қалғанын Тедрос Гебрейесустың «Известия» сайтындағы «Пандемия аяқталатын жыл» мақаласынан оқуға болады.