3.09.2024, 10:45
Оқылды: 152

Декларация тапсырдыңыз ба?

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «Активтер мен міндеттемелер туралы» және «Кірістері мен мүлкі туралы» декларацияны кешіктірмей ұсыну қажет екендігін ескертеді.

24F34160-B289-4B0F-9A53-218A10E014FE

Коллаж Ulysmedia сайтынан алынды

Биыл елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталды. Облыс бойынша «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны (250.00 нысан) тапсыруға 72 156 тұлға міндетті болса, соның 42 408-і (58,77%) жеке тұлға.

270.00 салық есептілігі нысаны бойынша 125 538 жеке тұлғаның 103 520-сы декларация тапсырып, 22 018-і қалыс қалып отыр. Тапсыру қарқыны 85,5%-ды құрайды.

Мамандардың айтуынша, декларацияларды электронды түрде ұсынудың бірнеше тәсілі қарастырылған. Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Всс.kz мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Аталмыш департамент салық міндеттемесінің уақтылы орындалуы үшін салық төлеушілерді тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етілетін декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынады. Салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram BQO_MKD, Телеграм t.me/dgdzko парақшасына сауалнама жолдап, жауап алуға болады.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале