17.05.2024, 17:14
Оқылды: 10

Денис Евсеев Португалияда Бейбіт Жукаевты жеңіп, жартылай финалға өтті

"Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

denis_evseev_portuga_1715925418

Фото: ktf.kz

Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жукаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды – 6:2.

Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады – 6:3.

Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале