14.02.2023, 9:00
Оқылды: 22

Денис Никиша шорт-тректен Әлем кубогінің алты кезеңі бойынша жалпы есепте жеңімпаз атанды

Қазақстандық спортшы Денис Никиша Дордрехтте (Нидерланды) өткен шорт-тректен Әлем кубогінде жалпы есеп бойынша жеңімпаз атанды.

db5ded4bd6653af40c54165269db0321_1280x720

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Ол 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастап, 402 ұпаймен бірінші орын иеленді. Алғашқы ондыққа тағы бір қазақстандық - Абзал Әжғалиев та енді. Ол 228 ұпай жинап, 8 орын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале