10.06.2024, 17:15
Оқылды: 67

Денис Тенді жаттықтырған танымал бапкер өмірден өтті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді жаттықтырған танымал америкалық бапкер Фрэнк Кэррол 85 жасында қайтыс болды. Ол осы спортта тұтас бір буынды жаттықтырған тәжірибелі маман еді. Бұл туралы msports.kz хабарлады.

3E6B9F01-BE91-4AD9-8B8A-9D9D4485FD9A

Сурет: Toyota Sports Center: UGC

Фрэнк Кэррол Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лайсачекті, 5 дүркін әлем чемпионы Мишель Кванды және 2 рет әлем чемпионы болған Линда Фратианнені жаттықтырған. 60 жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған. 6 жыл бұрын демалысқа шығып, қызметін тоқтатқан еді.

Қазақстандық Денис Тен де Фрэнк Кэрролдың талантты шәкірттерінің бірі болды. Ол 2018 жылы Алматыда қаскөйлер қолынан қаза тапты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале