13.04.2024, 20:40
Оқылды: 14

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Орал қаласындағы бірнеше нысанға барды.

2

Министр алдымен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның су тазалайтын зертханасында және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының бактериологиялық зертханасында болды. Қос зертхана мамандарының айтуынша, ауыз судың сапасы талапқа сай. Министр құзырлы мекеме басшыларына ауыз су сапасын ерекше бақылауға алуды тапсырды. «Республика бойынша инфекциялық аурушаңдықты бір деңгейде ұстап тұруымыз керек. Бүгінде ешқандай аурудың өсімі жоқ. Бұл сіз бен біздің жұмысымыздың арқасы деп білемін. Сын сағатта жауапкершілікті күшейтіп, бірлесіп еңбек етейік. Қандай мәселе болса да қолдау білдіруге дайынбыз», - деген министр бұл саладағы жұмыстарға қанағаттанғанын айтты.

3

Бұдан соң ведомство басшысы су басу қаупі төніп тұрған облыстық кардиологиялық орталыққа барды. Мұндағы науқастар наурыз айының соңында қалалық калалық көпбейінді ауруханаға көшірілген болатын. Министр Оралдағы Назарбаев даңғылы, 218 А мекенжайындағы эвакуациялық пунктке барды.

Изображение WhatsApp 2024-04-13 в 20.16.53_d0fbead9

Мұнда 292 тұрғын орналастырылған, оның 162-сі бала. А. Әлназарова тұрғындармен сөйлесіп, арыз-шағымдары бар-жоғын сұрады. Су тасқынынан зардап шеккен жандарға барлық көмек-қолдау көрсетілетінін айтты.

5

Айта кету керек, министр А.Әлназарова су тасқынынан зардап шеккен Қаратөбе және Сырым аудандарына да барды. Қаратөбедегі эвакопункттегі тұрғындармен кездесті. Ондағы медициналық қызмет көрсету бөлмесінің жұмысымен танысып, ұсыныстарын айтты. Аудандық ауруханда дені сау бала орталығында болып, қызметкерлермен кездесті. Сырым аудандық аурухананың тіркеу бөлімінің  жұмысымен танысып, науқастармен жүздесті.

Мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айна Имашева,

Сурет авторы: Мәди Салық

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале