Эндокринолог Максим Кузнецов ең танымал таңғы ас нұсқаларының бірі денсаулыққа ең зиянды екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, ең зиянды таңғы ас - құрамында үш-төрт май көзі бар таңғы ас. Мысал ретінде ол ет қосылған, майға қуырылған жұмыртқаны келтірді.
"Бұл жай ғана майға толы табақ", - деп атап өтті дәрігер.
Оның сөзінше, мұндай таңғы ас қандағы холестерин деңгейін көтереді және жүрек-қантамыр жүйесіне түсетін жүктемені арттырады.
"Таңғы ас тек бір май көзінен тұруы керек, сонымен қатар, көкөністер болуы қажет, оларды қара нанмен бірге жеуге болады", - деді дәрігер.