23.01.2025, 17:00
Оқылды: 11

Департамен жанындағы тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.32.57

Кездесуге Орал қаласы әкімі аппаратының құрылымындағы мекемелердің басшы лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шараның мақсаты жаңа кадрларды қолдау, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және мемлекеттік қызметке бейімделуіне ықпал ету болып табылады.

Отырыста Департамент басшысы Мұрат Байсалов мемлекеттік органдардағы қызметкерлер арасындағы тәлімгерліктің және өзара көмектің маңыздылығын атап өтті. Ол тәлімгерлердің қолдауы жас мамандарға өз міндеттерін жылдам игеруге және мемлекеттік құрылымдардағы жұмысқа сәтті кірісуге көмектесетінін атады.

«Тәлімгерлік – жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тұрғыда дамуына және көшбасшылық қасиеттерін арттыруына ықпал ететін маңызды құрал. Біз сіздердің белсенділігіңізге, шығармашылығыңызға және дамуға деген ұмтылысыңызға
сенім артамыз, ал тәлімгерлер осы жолда сіздерге көмектесетін болады», – деді М. Байсалов.

WhatsApp Image 2025-01-23 at 15.32.58

Отырыс барысында тәлімгерлер өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді жұмыс істеудің негізгі қағидалары мен этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Қызметтік міндеттерді орындауда уақытты тиімді ұйымдастыру, әріптестермен өзара іс-қимыл жасау және қызметтік тапсырмаларды орындаудағы тиімділікті арттыру бойынша практикалық кеңестер берілді.

Сонымен қатар, қатысушылар кәсіби өсу, оқыту мүмкіндіктері және мемлекеттік қызметте одан әрі даму мәселелерін талқылады. Тәлімгерлер мемлекеттік құрылымдардағы мансаптық табыс тек кәсіби білімге ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік, коммуникативтілік және өзін-өзі дамытуға ұмтылу сияқты жеке қасиеттерге де байланысты екенін атап өтті.

Отырыс соңында, Мұрат Байсалов кәсіби қызметте сәттілік тілеп, тәлімгерлердің олардың дамуы мен мансаптық өсуінде маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі,

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале