"Айналайын" спорт кешенінде "Өркен" комьюнити орталығының ұйымдастыруымен Деркул кенті тұрғындарының әйелдері арасында "Спорт – жан серігім" атты волейболдан жарыс өтті.

Жарыста "Айналайын", "Сарыарқа", "Көкжиек", "Жұлдыз", "Ақсұңқар" командалары бағын сынады.

Жарыста оза шауып жүлделі I орынды "Жұлдыз" командасы иеленсе, II орын "Сарыарқа" командасына, III орын "Көкжиек командасына бұйырды.

Қатысушылар "Өркен" комьюнити орталығының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Кенжегүл Қуанаева