9.02.2024, 16:30
Оқылды: 93

Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Қазақстандықтар өз алаңында Дания командасымен ойнайды.

devis_kuboginde_kaza_1707410326

Фото: ktf.kz

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Қос құрама бұған дейін кездеспеген.

Матч 13-14 немесе 14-15 қыркүйек күндері өтеді. Қазақстан командасы ұтқан жағдайда 2025 жылы ақпанда командалық іріктеу матчында сынға түседі.

Биыл Юрий Щукиннің шәкірттері 3-4 ақпанда тартысты матчта Аргентинаға есе жіберген еді - 2:3.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале