24.08.2022, 10:30
Оқылды: 41

Диетолог кәуаптың пайдасы туралы айтты

Диетолог Ольга Панова кәуапты аз мөлшерде жеу пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2

Панова кәуаптың құрамында аминқышқылы, ақуыз бен темір және жүйке жүйесін үйлестіретін В дәрумендері бар екенін айтады.

Дегенмен, кәуап ақуызы жоғары тағам болғандықтан, оны қорыту қиын. Сондықтан оны көп мөлшерде жеу адам организіміне айтарлықтай зиян келтіреді.

Сондай-ақ ол етті ұзақ уақыт отта ұстамауға шақырды.

Диетолог кәуап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін оны апта сайын емес, мереке күндері жеуге, етке ас қорытуға көмектесетін көкөністерді қосуды ұмытпауға кеңес берді.

Оның айтуынша, картоппен және басқа да крахмалды тағамдармен кәуап жеуге болмайды, сонымен қатар алкогольді көп ішпеу керек.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале