Қазақ әншісі өзінің Қытайға барғанын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Достар, сіздермен жаңалықпен бөліскім келеді. Мен екі жылдан кейін Қытайға қайта оралып, әлемдік шоу бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін келдім. Әлемдегі карантиннің кесірінен бұл кездесуді екі жыл күттік. Бір айға жуық уақыт оқшаулануда болғанымда көптеген жоспар құрып, соларды Қытайдағы өз командаммен бірге орындамақпын, деп жазды Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ, Димаш карантин жағдайына байланысты шектеу болмаса, әлемнің біраз елдеріндегі телевизиялық бағдарламалар мен әртүрлі концерттерге қатысатынын жеткізді.
Иә, әлемдегі карантин менің жоспарыма өз әсерін тигізді. Бірақ осыдан бастап, сіздерді өзімнің шығармашылығыммен одан да көп қуантатын боламын, делінген жазбада.