31.07.2024, 13:01
Оқылды: 148

Димаш Құдайбергеннің концертіне әлемнің 50 елінен 9 000 көрермен жиналады

Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан жеке концертін береді. Бірегей шоуды тамашалауға 50 елден көрермен келеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

6BAF2E23-89BE-4A25-BCDA-B8E735CCBDC1

Фото әншінің жеке парақшасынан алынды

«Қазақ мәдениетіне деген үлкен қызығушылықты аңғарғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Көңіл бөлген әрбір тыңдарманға айтар алғысымыз зор. Көпшіліктің өтінішін ескеріп, «Stranger» шоуын 13 қыркүйекте ғана емес, келесі күні де өткізетінімізді қуана хабарлаймыз» - деді ұйымдастырушылар.

Концерт қайда өтеді?

Астана қаласы, «Астана арена» стадионы

Қашан?

13, 14 қыркүйек

Билетті қайдан алуға болады?

Ticketon.kz сайтында билеттер жақын арада сатыла бастайды.

Біле жүріңіз!

Билет операторының мәліметінше, Астанада өтетін Димаштың «Stranger» концертінде қазақстандық көреремендерден басқа, Азия, Европа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан келетін 9 000-ға жуық көрермен тамашалайтын болады.

Ұйымдастырушылар көрермендерге шағын жалаушалар немесе қонаққа келген елдердің символын көрсететіндей кәдесыйлар ала келуді ұсынды.

Музыка тілге бөлінбейді, қайта адамдар мен континенттерді біріктіреді деген атмосфераны паш етуге шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале