15.04.2023, 14:11
Оқылды: 86

Дирижер Асхат Хасановтың шығармашылық кеші өттI

Оралда ҚР «Мәдениет саласының үздігі», БҚО камералық оркестрінің дирижеры Асхат Хасановтың шығармашылық кеші өтті.

Хасанов (68)

М.Рихтер мен  А.Вивальдидің «Весна» композияциясымен ашылған кеште өнер иесін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.

Хасанов (26)

– Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев Оралды Қазақстанның Венасы деген болатын. Батыс Қазақстан облысы кәрі құрлық Еуропаның бір бөлігінде орналасқан. Өңірдің мәдениетін, өркениетін, өнерін жеткізуде біздің өнер майталмандарымыздың орны ерекше. Соның ішінде – Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі. Оркестр 2011 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Алғаш құрылған күннен бастап-ақ  Асхат Хасанов та оркестермен бірге өсті. Ақжайық өңіріне ғана емес, елімізге танымал өнер адамдары Хасановтар әулетінен шыққан. Бірнеше аспапта ойнайтын, «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атқа әбден лайық Асхат Мақсотұлына  өнер жолында тек шығармашылық табыс тілеймін!, - деді Бақытжан Хаберұлы.

Ол облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан алғысхат табыс етті.

Асхат Мақсотұлы 1983 жылы 20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында дүниеге келген. Өнерге, оның ішінде музыкаға құштарлық бала кезінен-ақ қалыптасқан дирижер өнерлі отбасында өскен. Олардың үйінде халық әндері айтылып, күйлері жиі тартылатын. Ата-анасы да ұлдарының талпыныса бей-жай қарамай, қолдау білдіреді. Асхаттың үлкен әпкесі – Жаңылсын Хасанова да елімізге танымал әнші. Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның солисі.

Кеште Асхаттың дирижер атануына ықпал еткен өнердегі әріптес ағасы, өңірге танымал музыкант, флейташы, қалалық үрмелі аспаптар оркестрінің дирижеры Мәдениет Меңдіғалиев те табылып, Йоган Себастьян Бахтың «Скерцо» шығармасын орындады.

Хасанов (23)

Қызы Ажар Хасанова да әке жолын жалғастырып, өнерден алыстаған жоқ. П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде екінші курста білім алып жатыр. Ажар сахнада Никколо Паганинидің «Кантабилесін» орындап берді.

Хасанов (96)

Концертте Асхат Хасановтың өнердегі әріптестері де өнер көрсетіп, халық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, кешке «Музыкалық жас көрермен» театрының директоры Асхат Маемиров пен жұбайы Нұргүл Маемирова, аталмыш театрдың актрисасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,  71-ші Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі үшін» атағына ие болған Самал Ислямова арнайы қатысып, кеш иесін шығармашылық концерт өткізуімен құттықтады.

zhaikpress.kz

Хасанов (1) Хасанов (7) Хасанов (33) Хасанов (45) Хасанов (53) Хасанов (79) Хасанов (86) Хасанов (88) Хасанов (101) Хасанов (105)

 Хасанов (12)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале