7.10.2022, 9:00
Оқылды: 57

Дизель отынын биржада сату жүйесі алдағы айларда іске қосылмақ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров дизель отынын биржада сату мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220816163709348e
 «Дизель отын саудасын тоқтату туралы шешімді Биржа комитеті тамыз айында қабылдаған еді. Дизель отынының нарығындағы жағдай тұрақталып, орақ науқаны аяқталып келеді. Алдағы уақытта Энергетика министрлігінен тиісті ақпаратты алатын боламыз. Одан кейін биржа комитетінде қарайтын боламыз. Егер жағдай жақсарып, оң динамика байқалса, біз жұмысты қайта бастау туралы шешім қабылдаймыз. Шамамен қараша мен желтоқсан айының басында болады деп ойлаймыз», - деді Марат Омаров VIII Еуразиялық монополияға қарсы форум барысында.

Еске салайық, тамыз айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны тұрақтандыру үшін биржада дизель отынының сауда-саттығын тоқтатқан еді.

Айта кетейік, ведомство жанар-жағармай станцияларындағы дизель отынының бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале