10.04.2024, 9:45
Оқылды: 10

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

"Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
dmitriy_popko_aksh-t_1712645041
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда сенсация жасап, әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты қапы қалдырды.Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале