Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 25 қараша кешке салыстырғанда 0,62 теңгеге төмендеп, 1 доллар 422,26 теңге болған. Ұлттық банктің 26 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 422,87 теңге. Бұған дейін Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуалға түсінік берген болатын.
zhaikpress.kz