28.03.2022, 12:50
Оқылды: 43

Доллар бағамы 490 теңгеден түсті

Доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

photo_96584

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,16 теңгеге төмендеп, 489,10 теңге болды. Доллардың 26-28 наурыздағы ресми бағамы 494,16 теңге болған еді.

 Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 484,96 теңге, сатылымда - 490,03 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 485,49 теңгеден сатып алып, 490,07 теңгеден сатып жатыр.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале