Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,20 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 425, 13 теңге болды.
Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 424,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425, 23 теңгеден сатылса, сатып алу - 426,77 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,28 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,39 теңге.
inform.kz