Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 19 қыркүйектің кешімен салыстырғанда 0, 30 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 425, 61 теңге болды.
Ұлттық банктің 20 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,30 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425, 52 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,02 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,64 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 426,73 теңге.
inform.kz