27.05.2022, 15:15
Оқылды: 194

Доллар бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 433, 30 теңге.

Ұлттық банктің 27 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 422, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 432,77 теңге, сатып алу – 438,66 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 435,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 439 теңге. Айта кетейік, АҚШ ақшасы екі күн қатарынан қымбаттап жатыр.

26 мамыр күні бір доллар 422 теңгеден саудаланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале