30.09.2024, 10:30
Оқылды: 54

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

DFCC4613-EEDD-4DCD-9499-7B42DF1B11BE

Сурет: pixabay.com

Ұлттық банктің 30 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,23 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге.

Еуро — 534,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,5 теңге. Еуро 533,5 — 537,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 479,50 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале