22.10.2024, 14:45
Оқылды: 58

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481-486 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_9382

 Сурет: pixabay.com

Ұлттық банктің 22 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 481,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 522,48.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 485,9 теңге. Еуро 521,5 — 525,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,86 теңгеге төмендеп, 481,75 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале