30.10.2024, 11:00
Оқылды: 32

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 — 493 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_0292

 Сурет: freepik.com

Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 531,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 491,1 теңге. Еуро 528 — 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 488 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 29 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,04 теңгеге қымбаттап, 491,35 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале