17.12.2024, 11:15
Оқылды: 196

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.

IMG_5371

Сурет: freepik.com

Ұлттық банктің 17 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 547,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526,5 теңге. Еуро 547,5 — 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 — 5,13 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале