7.12.2022, 9:45
Оқылды: 54

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 7 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220714121432254e

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 33 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,50 теңге.
6 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы құны 2,74 теңгеге қымбаттап, 472 теңге болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 472,5 – 475,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,23 – 7,33 теңгеге сатып алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале