21.01.2022, 14:30
Оқылды: 107

Досаев: Сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларына қысым жасалмайды

Сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларының құқықтарына қысым жасалмайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Дасаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220121140334238e

«Қылмыстық кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс аясында Қазақстан 2022 жылы алда болатын Кірістерді жылыстатуға/терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) заңнамасы мен ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттар мен FATF талаптарына техникалық сәйкестігін өзара бағалауға белсенді дайындықты жалғастырады. Ол үшін күмәнді трансшекаралық операцияларға қолданылатын қаржы мониторингі шаралары күшейтілді. Осы жылғы 10 қаңтарда Ұлттық банктің, Қаржы мониторингі агенттігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Онда күшейтілген қаржы мониторингіне жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітіліп, операцияларды жүргізуге берілген өтінімдер бойынша іс-қимыл алгоритмі белгіленді», - деді ол Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуінде.

Оның айтуынша, екінші деңгейдегі банктер үшін бірлескен бұйрықтың нормаларын түсіндіру Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қатысуымен жедел түрде жүргізілді.

«Үздік әлемдік практиканы ескере отырып, екінші деңгейдегі банктер KYC (know your client) қағидаттары шеңберінде тәуекелі жоғары операцияларды жан-жақты зерделеу жұмысын күшейтті. Ағымдағы парламенттік сессияның соңына дейін қаржы мониторингі шараларын одан әрі күшейтуге және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттары бойынша қаржы жүйесіне KYC қағидаттарын толық енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулер блогын әзірлеу және қабылдау қажет деп есептейміз. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес резиденттер мен бейрезиденттерді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушыларының құқықтарына қысым жасалмайды және халықаралық операцияларды жүргізуіне шек қойылмайды», - деді Ерболат Досаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале