14.10.2022, 16:01
Оқылды: 164

Достастық кеңістігінде су қауіпсіздігінің жалпы тәсілдерін әзірлеу керек - Қазақстан Президенті

 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бүкіл кеңістігінде су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы тәсілдерін әзірлеу ұсынылды. Бұл туралы ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221014120447915e

«Климаттың өзгеруі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық дерлік елдерінде су ресурстарымен қамтамасыз ету проблемаларын ушықтырады. Біз бұл мәселемен түрлі халықаралық форматтар аясында айналысамыз. Екі жақты негізде өзара қолайлы шешімдерді іздестіреміз. Сонымен қатар, Достастықтың бүкіл кеңістігінде су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы тәсілдерін әзірлеу уақыты келді деп санаймыз. Сондықтан мен ТМД Атқарушы комитетіне трансшекаралық су ресурстарын тиімді және өзара пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді, енгізуді ұсынар едім», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале