Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Бүгін жерлесімізге арнайы диплом мен төсбелгіні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.
«Бұл марапат – тек менің ғана еңбегім емес. Менімен бірге тер төккен Батыс Қазақстан облысы жастарының еңбегінің нәтижесі. Баршаңызға ризашылығымды білдіремін», - деді Дулат Нұрбергенұлы.
Жас көшбасшыға марапат аймақта жүзеге асырылған креативті бастамалары үшін беріліп отыр.
Қоса өтелік, биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.
zhaikpress.kz