1.03.2024, 14:30
Оқылды: 42

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні: балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Атаулы күн Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының қарарына сәйкес белгіленген. Еліміз ұйымға 1997 жылы қосылды.

IMG_1867

Бүгін атаулы күн аясында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірлік радионың таңғы шығарылымында «Қауіпсіз балалық шақ» балалар айдарын өткізді.

«Бұл күнгі басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздік мәселелеріне назарын аударту, төтенше жағдайларды болдырмау және орын алған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелеріне дағдыландыру. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясындағы барлық шаралар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды халыққа түсіндіруді арттыруға бағытталады. Жалпы елімізде балалар мен қазіргі жастар арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға ерекше мән беріледі. Балаларға қауіпсіздікті түсіндіру үшін әр түрлі бағытта шаралар ұйымдастырамыз», - дейді БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Ермекұлы.

IMG_1871

Радио эфирін тізгіндеген кішкентай жүргізуші Айғаным Танжан мен БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Райымбек Шамаков балалардың қауіпсіздігі жөнінде сөз қозғады.

Судағы қауіпсіздік, қыс кезінде жұқа мұздың үстінде болатын қайғылы оқиғалар, табиғи және техногенді сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар ата-аналар мен балаларға арнайы радиохабар арқылы түсіндірілді.

Айта кетейік, «Қауіпсіз балалық шақ» балалар айдары радио эфиріне былтырғы жылдан бері екі аптада бір рет шығады.

Гүлмира Сарсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале