20.08.2024, 10:30
Оқылды: 105

Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, деп жазады Olympic.kz. 

17C35BF8-3688-4427-9AA6-488E4879B285

Сурет: Olympic.kz

Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сынла ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.

Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:

Ұлдар:

60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков

66 келі: Аян Байкенжеев

73 келі: Ернар Кеңесхан

81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов

90 келі: Егорь Раков

-100 келі: Дінасыл Тәттімбек

+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы

Қыздар:

48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали

52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек

57 келі: Дина Мұханбет

63 келі: Ұлдана Таңжарықова

70 келі: Әділ Сағира

-78 келі: Анастасия Нагачевская

+78 келі: Руслана Махатова

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстық-көл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале