30.09.2026, 19:00
Оқылды: 0

Дзюдошы Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына алғашқы медальді салды.

InShot_20260930_184519820

Фото: DRSQazaqstan

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында жарыс қожайыны Митсуки Кондомен кездесіп, тартысты белдесуде қарсыласына есе жіберді.

Бұл – отандасымыздың сары құрлық ойындарындағы екінші күміс жүлдесі. Ол бұған дейін 2023 жылы Ханчжоуда да екінші орын алған болатын.

Сонымен қатар Абиба 1998 жылы Бангкокта күміс алған Варвара Масягинадан кейін әйелдер арасында Азиада финалында күрескен екінші қазақстандық дзюдошы атанды. Нагоядағы татамиде ол Үндістан өкілі Асмита Дей мен Тайпей спортшысы Лин Чэньхаоны тізе бүктірген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісіндегі медальдар саны толықты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале