28.09.2023, 14:45
Оқылды: 60

ЕАЭО-да жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу мүмкіндігі ұзартылды

Мәскеуде 2023 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында өткен ЕЭК кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды.

26/9/2023 Ìîñêâà, Ðîññèÿ Íèêîëàé Æóðàâëåâ / Åâðàçèéñêàÿ ýêîíîìè÷åñêàÿ êîìèññèÿ

Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Отырыста ЕАЭО-ға мүше елдер қазақстандық тараптың бастамасымен тағы екі ұсынысты қолдап, қабылдады. Бірінші мәселе – ЕАЭО бойынша әріптес елдердің мемлекеттік сатып алуларына бизнестің қатысуы үшін қолжетімді тауарлар мен қызметтердің тізімін одан әрі кеңейту. Қазақстан бұл жұмысты кезең-кезеңмен жүргізіп келеді. Өткен отырыста сатып алуға қатысуға болатын тізбеге ауыр машина жасау және өлшеу құралдары салалары енгізілді. Арнайы, ауыр машина жасау, химия және мұнай-газ өнеркәсібі, өлшеу құралдары салаларында 7 тауар позициясы бойынша шарттар, өндірістік және технологиялық операциялар белгіленді.

Екінші ұсыныс дәрілік заттарды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға қатысты. 2025 жылға қарай дәрілік препараттардың бірыңғай нарығын қалыптастыру үшін қажетті құжат 2021 жылдан бастап талқыланып келеді. Қазақстандық тараптың ұсыныстары өз аумақтарында таңбалау жасаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің дәрілік препараттарды сәйкестендіру құралдарын өзара тану шарттарына қатысты болды. Осы нормалар әлі қабылданбаған елдер экспорт кезінде өз препараттарын тауарлар жеткізілетін мемлекеттің заңнамасына сәйкес таңбалайды.

Жеке тұлғалар мен онлайн сауданы таңдайтындарға маңызды шешімдердің ішінде 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ЕАЭО кедендік аумағына жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың, яғни заттардың €1000 мөлшеріндегі шекті құны ұзартылды. Бұл уақытша шара онлайн-сауданы қолдауды қамтамасыз етуге және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының импорттық тауарларға деген сұранысын қанағаттандыруға арналған.

ЕЭК кеңесі Ауа райы болжамы және метеорология салаларындағы қызметтер секторы бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Құжат қатысушы елдердің сайттарында еркін қолжетімділік қамтамасыз етілетін ақпараттың тізбесін және өзара ақпараттық іс-қимыл тәртібін айқындайды. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кеден одағының ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістер ет өнімдерін тұтынушыларды шатастырмау үшін тағамдық заттардың мөлшерін және рұқсат етілген ауытқуларды дұрыс көрсетуді бақылауға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Сондай-ақ кедендік, техникалық реттеу, энергетика және өзара ақпараттық іс-қимыл салаларындағы экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған бірқатар мәселе қаралып, қабылданды.

primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале