11.01.2023, 14:45
Оқылды: 55

EdGiving Alumni NIS: сүйікті мектепке оралу

Оралдағы NIS-тің «Samgau» түлектер форумына қатысушылар АҚШ, Финляндия, Италия, Будапешт және отандық белді университеттер студенттерінің табыс тарихын тыңдады.  

IMG-20230111-WA0046

– Алтын ұя мектеп сіздердің әрқайсыңызды күтеді. Бүгінгі шара отбасылық бас қосу, жақын жандардың кездесуі  іспетті болды, –деп мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев қонақтарға алғысын білдірді.

WhatsApp Image 2023-01-11 at 13.04.08 (1)

«Медицина», «Мұнай ісі», «ІТ», «Электрикалық инженерия», «Компьютерлік инженерия», «Инженерия», «Бизнес дата аналитика» және  «Биология» тақырыптық сессияларында спикерлер еңбек нарығындағы өзгерістер, сұранысқа ие және перспективалы салалар, халықаралық емтихандарға дайындық, үлкен өмірде қажет дағдылар туралы тәжірибелерін бөлісті.

WhatsApp Image 2023-01-11 at 13.04.08 (2)

Түлектер бұл күні  оқушылардың жобаларымен танысып, олардың топтық жұмысқа қатысу деңгейін бағалады.

– Мен мектепте оқып жүрген кезімде АҚШ, Финляндия, Түркия елдеріндегі түлек-студенттермен бірлесе  «Pie Pay»  атты жоба жасақтаған болатынбыз. Жалпы оқушылардың креативті идеясы мен түлектердің жинақтаған тәжірибесін біріктірсе, екі тарапқа да пайдалы болады, – дейді Финляндиядағы Аалто университетінің студенті Ержан Жамашев.

WhatsApp Image 2023-01-11 at 13.04.09

Айта кету керек, ««EdGiving Alumni NIS: сүйікті мектепке оралу»атауын алған форум NIS  түлектерi қауымдастығы мен Зияткерлік мектептерді дамыту қорының бастамасымен өтті.

Айдана Хамидуллина,

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале