22.08.2023, 11:15
Оқылды: 57

Еділ-Жайық кімдікі?

Біле жүріңіз!

Кейбіреулер Еділ-Жайыққа Бөкей сұлтанның көшуін, «Ол, қарауындағы руларды бос жатқан Еділ-Жайық арасына әкелді» деген сипатта жаза салды. Ал шындығы солай ма?

ЖП ТЖ (2)

Егер көне тарихты саралар болсақ Еділ-Жайық аралығын б.з.б VІІ-ІV ғасырларда көшпелі бақташы тайпалар савраматтар мен сарматтардың мекендегені белгілі. Ол туралы алғашқы деректі Геродот былайша жазады: «Танаис деп аталатын өзеннің сырт жағы скиф өлкесі емес, ондағы жер иеліктері савроматтар қолында» деп тайға таңба басқандай жазып кетеді.

Ал орыс тарихшысы И. Смирнов Герадоттың пікірін қостай: «Савроматтар бірлестігінің бірі аростар Еділ-Жайық аралығында патшалықпен өмір сүрген» деп көне тарихты көз алдыңа салады. Әрине тарих төрі қашанда күштілердің қолында болғаны белгілі. Кейінгі VІІІ-ІV ғасырларда Еділ-Жайық арасы территориялық жағынан байырғы көшпенділер ұрпағы массагеттер мен исседондар қонысы, содан соң оғыздар мен қыпшақтардың мекені болғаны тарихтан мәлім.

Ол туралы зерттеуші К. Богрянородний: «Печенгтер әуел баста Ательде (Еділді), сондай-ақ, Гейх (Жайық) өзенінде тұрды. Ал көршілері уздар (оғыздар) дейтіндер болды» деп ашып жазады. Қорыта айтқанда Еділ-Жайық арасы ешқашан бос болған емес, ол қашан да көшпелілер мекені болды...

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале