17.08.2024, 21:18
Оқылды: 70

Еділбек әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Ақмола облысының Шучинск қаласында шаңғы ролерінен әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатқанын осыған дейін жазғанбыз. Бұған дейін командалық спринтте біздің құрама бірінші және үшінші орын иеленгенін жаздық.

IMG-20240817-WA0067Фотолар авторы: Екатерина Хиляж

Бүгін жарыстың үшінші күні ерлер 10 шақырым қашықтықта сынға түсті. Әлемнің 60 үздік спортшысы өнер көрсеткен сайыста Еділбек Елубаев бақ сынады.

Жарыс басталғаннан лидерлер қатарында болған бәйтеректік шаңғышы соңына дейін үздіктер арасында болды.

IMG-20240817-WA0068

Қорытындысында Әмірғали Мұратбековты алға жіберген Еділбек әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды.

IMG-20240817-WA0066

- Бұл әлем кубогі қысқы маусым алдындағы дайындық. Негізгі мақсатымыз үлкен сайыстарда әлем мықтыларымен иық тірестіре алатын шаңғышы дайындау,-дейді бапкер Серік Хайруллин.

Түгелбай Бисен,

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале