29.07.2020, 9:39
Оқылды: 114

Egov.kz арқылы жұмыссыз тұлғаларды тіркеу қалай жүзеге асады?

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.

22285204-1559-4EF7-9A5B-8A656D05A633
Egov.kz порталына кіріңіз.
Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз.
Қызметті онлайн сұратыңыз.
Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз.
Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз.
Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз.
Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.
Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз:
Өтініш;
Жеке басыңызды куәландыратын құжат;
Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса, білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса, өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале