13.10.2020, 11:49
Оқылды: 49

eGov.kz порталында донорлықпен келісуге немесе одан бас тартуға болады

eGov.kz порталында трансплантация үшін тіндерді немесе мүшелерді сыйға тартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша онлайн қызмет қолжетімді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

egov

Қызметті алу үшін электрондық үкімет порталында, «Денсаулық сақтау» бөлімінде авторлану қажет, «Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі пайдаланушы «Келісімді қайтарып алуды тіркеу» немесе «Келісімді тіркеу» өтініш түрін таңдайды. «Мамыр айында заңға түзету енгізілді, ол халық арасында үлкен қолдау тапты. Бүгін халықпен кері байланысты ескере отырып, органдарды алуға келісімді ресімдеуге немесе бас тартуға мүмкіндік беретін қызмет әзірленді. Бұрын бұл үшін сіз тіркелген емханаға барып, өтініш жазу қажет болатынсыз, қазір үйден шықпай-ақ рәсімдей аласыз», – деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Келісімді тіркеген жағдайда пайдаланушылардың транспланттау мақсатында белгілі бір органдарды таңдау мүмкіндігі бар, олар eGov.kz порталы арқылы өтінім берген кезде көрсетіледі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале