9.01.2025, 12:15
Оқылды: 27

«EgovKzBot 2.0» telegram бот-платформасы – азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудің тиімді тетігі»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басты мақсаты халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттанудың деңгейін арттыру болып табылады.

7a1486ed98711b434d2d3b06e8ad8d7f_original.63085

Сурет: egov.kz

Өз кезегінде Департамент осы бағыттағы жұмысында қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.

Осылайша барлық өңірлерде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram чат іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген.

Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

Өткен жылы Департаментпен 26 өтініш қаралды.

Мысалы, өткен жылдың маусым айында облыс тұрғыны баласын бірінші сыныпқа қабылдау бойынша берілген өтінімге жауаптың жоқтығына шағымданған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Кері байланыс негізінде талдаулар жүргізіледі және мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.

Бұл азаматтардың қажеттіліктеріне тез жауап беруге және олармен өзара әрекеттесуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қызмет алушылар құқықтары бұзылған немесе мемлекеттік қызмет көрсету саласында сұрақтар туындаған жағдайларда «EgovKzBot2.0» Telegram бот-платформасы арқылы жүгіне алады.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале