6.06.2023, 9:14
Оқылды: 74

"Ей, инспекторлар, ұстаңдар мені". Желіде жазаланбайтынын айтып мақтанған тиктокер қамауға алынды

Әлеуметтік желіде жазаланбайтынын айтып мақтанған өзбекстандық тиктокер ұсталды.

судосип

Басылым мәліметінше, тиктокер рөлде отырып ішімдік ішіп, бірнеше рет заң бұзған. Соған қарамастан тиктокер оны ешкім жазаламайтынын айтқан.

Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, видео Самарқандта түсірілген. Тиктокер видеода заң бұзып қана қоймай, тәртіп сақшыларын балағаттаған.

Заң бұзған ер адам - Самарқандтың 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Тиктокерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Тергеу барысында ол көлігінің терезелерін рұқсатсыз қараңғылатып алғаны анықталған. Сонымен қатар, 25 жастағы жігіт жыл басынан бері 18 рет жол ережесін бұзған.

Нәтижесінде сот тиктокерді 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале