Мамырдың 3-і күні Астана қаласында "Самұрық қазына марафон" атты желаяқтар жарысы өтті. Еліміз бен алыс-жақын шетелдің мен-мен деген марафоншылары қатысқан жарыста оралдық Руслан Әбішев те өнер көрсетті.

5 шақырымға созылған бәсекеде сынға түскен Руслан мәре сызығын екінші болып кесті.
Астанадағы жарыс аяқталған бойда ұшаққа отырып, Атырауға келген желаяқты "Сарайшық" марафонында да сәтті өнер көрсетті.
3 шақырымдық сынға өз бағын сынаған Руслан Әбішев жарыс иелері Елдос Қуандықов пен Еркебұлан Аташевті алға жіберіп, үшінші орыннан көрінді.

Русланнан бөлек "Сарайшық" марафонында жарыс жолына шыққан оралдық Ақкенже Таубаева 5 шақырымдық жарыста алдына жан салмаса, 10 шақырымға созылған желаяқтар бәсекесін тағы бір оралдық ару Тұрсынай Сұлтанғалиева жеңіп алды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz