Бүгін түс ауа Жәнібек ауданының Жәнібек кентіндегі Абдрахманов көшесі, 109-үйдің шөп сақтайтын орны жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Шөп сақтайтын орын және шаруашылық құрылысы тұтанып, екпінді желдің салдарынан өрт Жаникешев көшесі бойынша мекенжайларға таралған.
Нәтижесінде 105 және 180 тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары, 178/1 және 178/2 үйлердің шаруашылық құрылыстары, ал 103 үйдің гаражы жанып кеткен.
Департаменттің мәліметі бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт алаңы анықталуда.
Өртті жоюға № 21 Өрт сөндіру бөлімінен 10 адам, 3 техника, шамамен 100 адамдай жергілікті тұрғындар, ерікті өрт құрылымдарынан 25 адам, 1 бірлік техника МТЗ, 2 бірлік тиегіш құралы, 4 бірлік су тасымалдайтын құрал, жергілікті полиция құрамынан 15 адам, 2 техника, аурухана қызметкерлерінен 20 адам, 2 техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы бөлімшелерден қосымша күштер мен құралдар да тартылған. Олар Казталов ауданы Казталовка ауылынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 11 ӨСБ, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 19 ӨСБ және Бөкей ордасы ауданынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 26 ӨСБ.
Орал қаласынан түстен кейін өртті зерттеу зертханасы жолға шыққан.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі