19.08.2022, 19:13
Оқылды: 309

Екі үй отқа оранды

Бүгін түс ауа Жәнібек ауданының Жәнібек кентіндегі Абдрахманов көшесі, 109-үйдің шөп сақтайтын орны жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

IMG-20220819-WA0061

Шөп сақтайтын орын және шаруашылық құрылысы тұтанып, екпінді желдің салдарынан өрт Жаникешев көшесі бойынша мекенжайларға таралған.

Нәтижесінде 105 және 180 тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары, 178/1 және 178/2 үйлердің шаруашылық құрылыстары, ал 103 үйдің гаражы жанып кеткен.

Департаменттің мәліметі бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт алаңы анықталуда.

Өртті жоюға № 21 Өрт сөндіру бөлімінен 10 адам, 3 техника, шамамен 100 адамдай жергілікті тұрғындар, ерікті өрт құрылымдарынан 25 адам, 1 бірлік техника МТЗ, 2 бірлік тиегіш құралы, 4 бірлік су тасымалдайтын құрал, жергілікті полиция құрамынан 15 адам, 2 техника, аурухана қызметкерлерінен 20 адам, 2 техника жұмылдырылды.

Жақын маңдағы бөлімшелерден қосымша күштер мен құралдар да тартылған. Олар Казталов ауданы Казталовка ауылынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 11 ӨСБ, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 19 ӨСБ және Бөкей ордасы ауданынан «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 26 ӨСБ.

Орал қаласынан түстен кейін өртті зерттеу зертханасы жолға шыққан.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале