Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 мамырда Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. 2017 жылы туған кішкентай бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды.
"Баланың жағдайы ауыр. Операциядан кейінгі кезең бірқалыпты өтіп жатыр. Көкбауырын алып тастадық. Есін біледі. Жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады", - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.